ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Медиа / Жарияланымдар

«КазРосГаз» ЖШС-нің 2012 жылғы өндірістік қызметінің нәтижелері туралы

«КазРосГаз» ЖШС 2012 жылы 8 039 миллион текше метр көлемдегі Қарашығанақ кен орнының шикі газын қабылдап, оны Орынбор газ-химиялық кешенінде өңдеуін қамтамасыз етті.

Өңдеу барысында: 6 907 миллион текше метр тауарлық газ, 474 мың тонна күкірт, 78 миллион текше метр отын газы, 234 мың тонна сұйытылған көмірсутегі газы,  42 мың тонна этан, 49 мың тонна тұрақты конденсат, 13 мың тонна пентан-гексан фракциясы алынды. 2012 жылғы қызмет нәтижелері бойынша өңделген газ өнімдері толық көлемде өткізілді.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы «КазРосГаз» компаниясы Қазақстанның тұтынушыларына Қарашығанақ кен орнының тауарлық газын 4 035 миллион текше метр көлемінде үздіксіз жеткізу бойынша міндеттемелерді орындады, соның ішінде

Сондай-ақ «КазРосГаз» ЖШС 2 872  миллион текше метр  көлеміндегі қарашығанақ газының экпортқа шығарылымын қамтамасыз етті.

«КазРосГаз» ЖШС-нің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру туралы                                       

1. Имашев кен орнын геологиялық зерделеу мен барлау.            

          2010 жылғы 7 қыркүйекте Имашев шекарааралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерделеу мен барлау бойынша бірлескен қызмет туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісім (бұдан әрі-Келісім) бойынша уәкілетті ұйымдар болып табылатын «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ-ның бірлескен шешімімен «КазРосГаз» ЖШС Келісім бойынша бірыңғай оператор болып белгіленді.

          2012 жылы Келісім бойынша Қазақстан мен Ресейдің Үйлестіру комитеті ҚР мен РФ аумағы шеңберінде Имашев кен орнын геологиялық зерделеу мен барлау үшін Келісім бойынша операторға жер қойнауын пайдалану құқығын беруді көздейтін Келісімге өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы «КазРосГаз» ЖШС ұсыныстарын мақұлдады.

        Келісім бойынша Үйлестіру комитетінің ұсынымдарына сәйкес ҚР мемлекеттік органдары мен РФ атқарушы билігінің федералды органдары «КазРосГаз» ЖШС ҚР мен РФ аумағында Имашев кен орнын геологиялық зерделеу мен барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беретін Келісімге өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы ҚР және РФ Үкіметі шешімінің жобасын қарауға кірісті.        

     2. Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік базаны құру

            2012 жылы «КазРосГаз» ЖШС Орынбор газ өңдеу зауытының жаңында Ресей Федерациясы Орынбор қаласының аумағында орналасқан «Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік базаны құру» объектінің жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын аяқтады және осы жобаны жүзеге асыру кезеңіне ауысу рәсімдерін бастады.

«КазРосГаз» ЖШС-нің қоғаммен байланыс

және ақпараттық саясат жөніндегі секторы

28 ақпан 2013 | Жарияланымдар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS