ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Медиа / Жарияланымдар

Қазақ мәдениетінің мерекесі «Наурыз Мейрамы»

20 сәуірде облыс орталығында облысымыздан ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан келген қонақтарды жинаған қазақ мәдениетінің мерекесі «Наурыз мейрамы» өткізілді.

Мерекенің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген вице-губернатор – Орынбор облысы Губернаторының және Үкіметінің аппарат басшысы Дмитрий Кулагин, Ресей көп ұлтты және поликонфессиялық ел екендігін атап өтті. 126 ұлт өкілдері тұратын біздің Орынборымыз осының айқын мысалы. Олардың қатарында халық саны 120 мыңнан асатын қазақ халқы саны бойынша облыстағы үшінші этностық  топ болып табылады.

Өзінің геосаяси орналасуының арқасында Орынбордың Қазақстанмен тарихи және мәдени байланысы бар. Атақты қазақ ақындарының, жазушыларының, көсемсөзшілердің, музыканттары мен мемлекет қайраткерлерінің шығармашылығы біздің облыспен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытқа дейін жеткен облыс орталығының кейбір ғимараттары қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалардың куәсі. Ғимараттардың көбінде естелік тақтайшалар орнатылған. Осылайша Леопольд және Мстислав Ростроповичтер атындағы Орынбор мәдениет институтында (бұрынғы Ұстаз үйі) 1920 жылғы қазанда Қырғыз (Қазақ) АСҚР Кеңестерінің бірінші съезі өткізілді. Орал өзенінің жағалауында орналасқан Советская, 2 мекен-жайындағы үйде  1920 жылдан бастап 1925 жылға дейінгі кезеңде Қырғыз АСҚР ОАК мен Халық комиссарлары кеңесі орналасқан.

Орынбор қаласының  көптеген көшелеріне қазақтың атақты мәдениет және саясат қайраткерлерінің аттары берілген. Мысалы, атақты қоғам қайраткері, ғалым этнограф, дарынды ұстаз және жазушы, орыс-қазақ мектептері үшін оқу құралдарын жасаған Ыбырай Алтынсарин атындағы көше. Қазақ Республикасының құрылу тарихында ізін қалдырған қазақтың атақты саяси қайраткеркері Әліби Жанкелдин атындағы көше. Бұл тұлғалардың аттары Орынбор тұрғындарының есінде мәңгі сақталады.

Қазақ ұлтының өкілдері Орынбордағы шаруашылықтың түрлі салаларында еңбектенеді. Олар басқару, ғылыми, өндірістік, кәсіпкерлік қызметтің барлық салаларында еңбектеніп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосады. Олардың арасында ғалымдар, мәдение және өнер, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қоғау органдарының қызметкерлері, өндіріс басшылары, заң шығарушы және атқарушы органдар өкілдері, әскери қызметшілер мен бизнесмендер бар.

Облыста қазақтың ұлттық мәдениетін сақтау және дамыту мәселесіне үлкен көңіл бөлінеді. Қазақ халқының этномәдени дамуы мақсатында облыста 12 ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктер құрылған және жұмыс істейді. Олардың көбісі Орынбор қазақтарының қауымдастығына бірікті. Қазақ тілі облыстың 9 ауданының 21 білім беру ұйымдарында оқытылады. Орынбор облысы Үкіметінің қолдауымен «Жаңа Айқап» облыстық қазақ газеті шығарылады. Облыстың мәдениет үйлерінде 68 қазақ фольклорлық шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. Жыл сайын қазақ ұлттық мәдениетінің мерекелері мен фестивальдері өткізіледі. Мерекелік шараларға Қазақстан Республикасының шекарасымен шектес аудандар: Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан келген қонақтар қатысады.

- Біз Қазақстанның өңірлерімен тығыз және достық қарым-қатынастамыз,  Орынбор облысы Үкіметінің қолдауымен «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырған бүгінгі мереке осының дәлелі, - деді вице-губернатор.

Өңірде этносаяси тұрақтылықты сақтау біз үшін өте маңызды. Әрбір адам үшін бейбітшілік пен келісім жарасқан ортада тұру, қызмет ету, бала сүю маңызды. Сондықтан да облыста тұратын барлық  ұлт өкілдері ана тілдерінде сөйлеуі үшін, өз халықтың мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және байыту үшін барлық жағдайлар жасалады.

Мерекенің шеңберінде «Оренбуржье» спорттық-мәдени кешен алдындағы алаңда киіз үйлер тігілді, киізден жасалған кілемдерді  жасау, сондай-ақ ұлттық тағамдарды дайындау бойынша тұсаукесерлер өткізілді. Қазақ жәдігерлері, ұлттық кәсіпшілік бұйымдары, ұлттық сусындар мен тағамдар сатылды.

Концерттік алаңда Қазақстанның әртістері мен Орынбор қаласының ұжымдары өнер көрсетті.

Мерекелік кеш ҚазКСР Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғыстан мен Өзбекстанның Еңбегі сіңген әртісі Роза Рымбаеваның концертімен аяқталды.

Источник: http://news56.ru

22 сәуір 2013 | Жарияланымдар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS