ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз» АҚ Қытайға қазақстандық газды экспорттай бастады

Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ Қытайға отандық газды экспорттауды бастады.  Қазақстандық газды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан «Орталық Азия - Қытай»  трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астанадағы газ операторының Бірыңғай диспетчерлік орталығында өтті.

Рәсімге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов қатысты.

Шымкент қаласы маңында орналасқан «Ақбұлақ» газ өлшеу станциясымен онлайн-байланыс арқылы өткен рәсім кезінде қазақстандық газды экспортқа жіберу жүзеге асырылды.

Салтанатты шарада сөз алған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев газ саласы мамандарын атқарылған ауқымды жұмыстары үшін алғыс білдіретінін жеткізді. «Бүгін біз тарихи маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. ҚазМұнайГаз және Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компанияларының сәтті жұмыстарының арқасында Қытай нарығына газ экспорттау туралы шартқа қол қойылды. Қазақстандық газ бұған дейін тек Ресей аумағы арқылы Еуропаға сатылып келсе, енді еліміз үшін қосымша жол ашылды. Қытайға 5 миллиардов текше метр газ газ сату, бұл басы ғана. Бізде 10 млрд текше метрге дейін газ шығара алатын техникалық мүмкіндік бар. Сондықтан бұл отандық газ саласындағы бетбұрыс деп бағалауға болады» - деп атап өтті министр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев бүгінгі шараны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің орындалуы екенін атап өтті. «Ел Президенті оңтүстік өңірлерді үздіксіз және тұрақты түрде газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндет толығымен орындалғанын көріп отырмыз. Енді газ саласында жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу арқылы Қытай Халық Республикасына өзімізден артылған газды сату мүмкіндігі туды» - деген пікірін білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев атап өткендей: «Бұл тек газ саласының дамуына ғана емес, жалпы еліміздің экономикасын дамытуға да жаңа серпін беретін үлкен оқиға. Қазақстандық газдың Қытай нарығына шығарылуы Еуразиялық өңір елдерінің арасындағы сауда және көлік байланыстарын реттеуге, ортақ инфрақұрылым құруға бағытталған өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға ықпал ететін болады».   

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы мен Қытай  Халық Республикасының арасында 5 млрд текше метр қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімшартқа қол қойылған болатын.

«ҚазТрансГаз» АҚ мен «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында сатып алу-сату шартына қол қойылды. Газдың ресурстық базасы ретінде Қазақстанның батысындағы газ кен орындары және «ҚазТрансГаз» АҚ басқаруындағы жер асты газ қоймаларында жинақталған газ қоры айқындалып отыр. Қытай тарапының газды қабылдау пункті ретінде «Қорғас» шекара бекеті белгіленді. 

Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды, тасымалдау процессіне 10-нан астам компрессорлық станция жұмылдырылған.  

Отандық газды тасымалдау мен экспорттаудың жаңа дәуірін ашқан тарихи келісімге қол жеткізу жолында еліміздің газ тасымалдау жүйесі толықтай техникалық қайта жарақтандырудан өткізіліп, дипломатиялық менеджмент тұрғысынан да орасан жұмыс атқарылды.  

Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ рекордтық мерзімде елдің барлық магистральдық газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіруге қол жеткізіп, негізгі газ маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды. Қуатты газкомпрессорлық және сығымдау станциялары - «Бозой», «Қараөзек», «Ақыртөбе» пайдалануға берілді, «Бозой» жерасты газ қоймасы реконструкцияланды, газды құрғату мен тазалауға арналған ірі кешен пайдалануға берілді.   

Одан басқа, Қазақстан мен Өзбекстанның арасында табиғи газды тасымалдау және транзиттеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы үкіматаралық келісімге қол қойылды. Ташкентте қол қойылған шартқа сәйкес, өзбекстандық газ тасымалдау жүйесі арқылы Қазақстанның оңтүстігіне батыс кен орындарында өндірілген қазақстандық газ тасымалданатын болады. Осылайша, «Газли-Шымкент» магистральдық газ құбырымен келетін қосымша газ көлемі қыс мезгілінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстандық газды Қытайға экспорттауға «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ және «Орталық Азия - Қытай»  трансұлттық газ құбырының ресурстары пайдаланылатын болады.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ

Баспасөз қызметі

Тел:  +7(7172) 55 23 16 

16 қазан 2017 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS