ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Табиғи газбен жүретін халықаралық автокеруен Қазақстанға жетті

Баспасөз хабарламасы

Табиғи газбен жүретін халықаралық автокеруен Қазақстанға жетті

 Астана қ.                                                                                                                                                                                                                                                                                2018 ж. 17 қыркүйек

«Ұлы дала қуаты» атты халықаралық автотехникалар шеруіне қатысушылар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығына келіп жетті. Бұл табиғи газбен жүретін техникалардың ең ұзақ автошеруі. Оның ұйымдастырушылары Қазақстанның, Қытай мен Ресейдің ірі энергетикалық компаниялары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «СNPC» және «Газпром» ААҚ. 

Жалпы алғанда, маршруттың ұзындығы 9 881 км құрайды. Оның айтарлықтай бөлігі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дәлізі арқылы өтеді. Бүгінгі таңда автокеруен Қытай аумағы бойынша оңтүстік-шығыс жағалауы (Жудун қ.) арқылы 3 000 шақырым жол жүріп келді. Бұдан әрі маршрут Қазақстан, Ресей аумағымен Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтөбе (Қазақстан) және одан әрі Ресей (Оренбург, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург) қалалары арқылы өтеді. Автошерудің қазақстандық бөлігінде көліктерге газ құюды «ҚазТрансГаз» АҚ – Ұлттық газ операторы қамтамасыз ететін болады. Автошеруге қатысушылардың мәреге жететін күні                               VIII Петербург халықаралық газ форумын ашу аясында Санкт-Петербург қаласында 4 қазанда жоспарланып отыр.

Автошеру қатысушыларын Қазақстан жерінде қарсы алған «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Арман Қасенов, шараның үлкен маңызға ие екенін атап өтті. «Біздің елдер үшін компримирленген және сұйытылған газ нарығын дамыту саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор» - деп атап өтті Арман Қасенов. – Осы автошеру газмоторлы отын түрінің әлдеқайда тиімді екенін, оның артықшылықтарын паш ететін болады. Бүгінде Қазақстанда көптеген қалалардың әкімдігі муниципалды автокөліктерді осы отынға ауыстыруға күш салып отыр. Ал осы автошеру сапында келе жатқан автобустар жуық арада өз елімізде өндіріле бастамақшы».      

Автошеру колоннасы сұйытылған және компримирленген (сығымдалған) табиғи газбен жүретін 17 жүк таситын және жеңіл автомобиль мен автобустардан тұрады. «ҚазТрансГаз» АҚ-на, осы іс-шараның аясында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинентальдық көлік дәлізінің қазақстандық учаскесінде тиімді газ құю инфрақұрылымын салу жоспарын айқындау міндеті тұр. Бұдан басқа, автошеру дәстүрлі отын түрлеріне қарағанда мотор отыны ретінде табиғи газды пайдаланудың басымдығын көрсетуге арналған.

Табиғи газбен жүретін техникалар колоннасы 16 қыркүйекте Алматы қаласына келді, онда «Жасыл экономика жолындағы автоөнеркәсіп:  кедергілер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда сала мамандары және автокөлік шығаратын зауыттардың өкілдері газмоторлы отын нарығын дамыту жолдары мен проблемалары туралы ойларын ортаға салып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша экономикалық жағынан да экология тұрғысынан да әлдеқайда тиімді табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды жан жақты қолдау туралы қарар қабылдады. Бұл құжатқа 21 қыркүйек күні автошеру колоннасы Ақтөбе қаласына жеткен сәтте қол қою жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда көлік секторын жаңғырту және оны дизель отынынан табиғи газға ауыстыру мәселесі қатаң түрде пысықталуда. 2022 жылға қарай көлік секторының табиғи газды тұтынуын он есеге ұлғайту болжанып отыр. Бұл үшін автоматты және криогенді газ толтыру станциялар желісін кеңейту жобалары іске асырылатын болады.  Осы көрсеткіштерге қол жеткізу зиянды заттардың шығарылуының  төмендеуіне, жұмыс орындарын көбейтуге және отын шығындарын неғұрлым үнемдеуге  айтарлықтай әсер етеді.

Қазақстан Республикасында мотор отыны ретінде табиғи газды дамытуға және автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның  еншілес кәсіпорны болып табылатын «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС жетекшілік етеді.

17 қыркүйек 2018 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS