ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ҚазТрансГаз Қытай Даму Банкінен алған қарыз бойынша 500 млн. АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді

ҚазТрансГаз Қытай Даму Банкінен алған қарыз бойынша

500 млн. АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді

Астана қ.                                                                                               2018 ж. 24 желтоқсан

«ҚазТрансГаз» АҚ 500 млн. АҚШ доллары сомасына алынған банктік қарызды мерзімінен бұрын өтеп, несие мерзімін 2 жылға қысқартты.

 «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес ұйымы «Азиялық Газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру мақсатында 2008 және 2012 жылдары Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының 100%-дық корпоративтік кепілімен жалпы сомасы 10,2 млрд. АҚШ долларына синдикатталған банктік қарыз алды.

Бүгінгі таңда екі қарыз бойынша берешек сомасы 5,2 млрд. долларын құрайды. Осы кезең ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізді, оның нәтижесінде осы қарыздар бойынша борыштық міндеттемені 5 млрд. долларына азайтты, оның ішінде мерзімінен бұрын – 1 млрд. 450 млн. доллары өтелді.

2018ж. 20 желтоқсанда «ҚазТрансГаз» АҚ қосымша 800 млн. долларын өтеді, оның 500 млн. доллары – мерзімінен бұрын. Мерзімінен бұрын өтеу қарыздар бойынша 600 млн. астам АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді, ал қарыз қайтару мерзімі  2 жылға қысқартылды.

«Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бері 250 млрд. текше метрден астам ортаазиялық газ тасымалданды және 11 млрд. доллардан астам қаражат түсті.

 

«Қазақстан-Қытай»  магистральдық газ құбыры отандық газ саласындағы ең ірі халықаралық газ тасымалдау жобасы болып табылады. «А», «В» және «С» желісінің әрбірінің ұзындығы 1310 километрді құрайды. Магистраль жұмысы басталған күннен бастап 2008 жылы 16 индустриальдық, жоғары технологиялық объектілер бой көтеріп, іске қосылды, оның ішінде 13 компрессорлық станция. Осы күні газ құбыры бойынша 250 млрд. текше метрден астам газ тасымалданды.

"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы.  «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

24 желтоқсан 2018 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS