ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ ЭКОЛОГИЯНЫ САҚТАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН «ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторының компаниялар тобына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша гран-при сыйлығының иегері атанды. 

«Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарымен марапаттау еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында, Индустрияландыру күніне арналған телекөпір кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болып өтті. Лайықты награданы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстан Республикасы газ тасымалдау жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру – компанияның жұмысындағы ажырамас бөлігі, және оның қорытындысы бойынша жыл сайын экологияға жағымсыз әсерлер азайтылуда.

Соңғы бірнеше жыл ішінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ атмосфераға түсетін ластаушы заттардың және парниктік газдардың шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырды.

Компания Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да қоршаған ортаның интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді, ИСО 14001 (МС ISO 14001:2004) халықаралық стандарттары енгізілген. Елдің газ тасымалдау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі «Оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру» болып табылады.

11 желтоқсан 2018 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS