ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз» АҚ түркімен газын Ресейге транзиттеуді қайта бастады

«ҚазТрансГаз» АҚ түркімен газын Ресейге транзиттеуді қайта бастады

 

Нұр-Сұлтан қ.                                                                                               3 мамыр 2019 жыл

Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы түркімен тауарлық газын транзиттеуді қайта бастады.

«ҚазТрансГаз» АҚ қысқа мерзім ішінде магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы транзитті қайта жаңғыртуға қажет шараларды жүзеге асырды. Заманауи технологиялардың және «Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбырында жүргізілген модернизация жұмыстарының арқасында маршруттық бағыттар әртараптандырылды және бірнеше тәулік ішінде тасымалдау режимі қалыпты жұмысқа қосылды.    

«Орта Азия - Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресей Федерациясына түркімен газын тасымалдау көлемі тәулігіне 15 млн. текше метрді құрайды. Қазақстан аумағы арқылы транзитті қайта бастаған сәттен бері 220 млн. текше метрден астам  газ тасымалданды.

Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі арқылы түркімен газының транзиті 2016 жылдан бастап тоқтатылған болатын. 

2019 жылдың басында Түркіменстан мен Ресей Федерациясының арасында  газ саласындағы 2028 жылға дейінгі ынтымақтастық жөніндегі қолданыстағы үкіметаралық келісім шеңберінде газды жеткізуді қайта қолға алу туралы уағдаластық жасалды. Бұл бірден үш мемлекетке газ саласында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіндік берді.   

Соңғы жылдары қазақстандық газ саласы ауқымды жаңғыртудан өтті және мамандардың бағалауы бойынша ҚазТрансГаз компаниясы Орта және Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды және технологиялық  аса қуатты операторына айналды.

3 мамыр 2019 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS