ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Көгілдір отын» үшін «жасыл дәліз»: Қазақстанның газ стратегиясы өз тиімділігін дәлелдеді

23.05.2013 11:26 dialog.kzАсылбек Баянов

Қазақстан табиғи газдың транзиті және экспорттық жеткізілімі бойынша экономикалық тұрғыдан тиімді маршруттарды дамытуды жалғастырады. Осы жылдың мамырында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың елімізге жасаған мемлекеттік сапары барысында энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды және келіссөз нәтижелері бойынша Н. Назарбаев атап өткендей: - Қазіргі уақытта Қазақстан-Түрікменстан-Қытай газ тасымалдау жүйесі үшінші тармағының құрылысы туралы мәселе түбегейлі қарастырылуда. Жүйенің бүгінгі өткізу қуаттылығы 40 миллиард текше метр газды құрайды. Келешекте 65 миллиард текше метрге дейін қуаттылықты ұлғайтумен үшінші тармақтың құрылысы басталуы мүмкін. Осылайша, көмірсутектерді тасымалдау үшін жаңа экспорттық жолдар стратегиясы реттілікпен жүзеге асырылады.  

2013 жылғы 22-24 мамырда өз жұмысын бастайтын VI Астана экономикалық форумының шеңберінде елдегі газ өнеркәсібінің даму келешегімен байланысты көптеген мәселелер қаралатын болады. Осыған байланысты ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету, елді газдандыру және экспорттық ынтымақтастықты кеңейту - отандық газ өнеркәсібі қызметінің негізгі екі бағытындағы мәселені қарау артық болмас.

Елдің қажеттіліктері туралы ұмытпау

Елдің энергетикалық, әлеуметтік қауіпсіздігін қолдауда жағдай жасайтынына байланысты  ішкі газдандыру басым даму бағыты болып қала бермек. Саланың топ-менеджерлері мен мамандары ішкі тұтыну жүйесін реттеу үшін барлық жағдай жасауға дайын екендігін дәлелдеді.

Шетел баспасөзіне берген сұхбаттардың бірінде «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы, «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі Тимұр Құлыбаев осы бағыттың негізгі басымдылығын белгіледі. Тимұр Құлыбаев бірнеше жылдар аралығында РФ ірі мұнай корпорациясының директорлар кеңесіне кіреді және бұл қазақстан мен ресей компанияларының бөлімшелері арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ойдағыдай әсер ететіні сөзсіз.

-         Табиғи газға келетін болсақ, ішкі газдандыру негізгі басымдылық болып табылады. Газымыздың негізгі бөлігі бұл ілеспелі газ. Қазіргі кезде біз 40 миллиард текше метр газды өндіреміз. Біздің мұнай өндірушілеріміз кері айдау немесе технологиялық барыстың басқа қажеттіліктері үшін осы газдың басым бөлігін тұтынады. Газ бойынша басқа ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  біз жылына 10 миллиард текше метрді пайдаланамыз. Газ транзиті бойынша біздің әлеуетіміз зор. Бізде Орталық Азия мен Ресейді байланыстыратын еліміздің аумағы арқылы өтетін ортаазиялық газ құбыры бар. Қытайға апаратын транзиттік газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді, оның өткізу қабілеттілігі жылына 40 миллиард текше метр, оны ұлғайту кезінде өткізу қабіллеттілігі жылына 65 миллиард текше метрге жететін болады. Біздің ішкі газдандыру бойынша бағдарламамыз табысты, сондай-ақ «Газпром» компаниясымен жемісті қарым-қатынасты орнаттық. «КазРосГаз» атты «Газпром» ААҚ-мен бірлескен кәсіпорын бар, біз газдың үштен екісін  ішкі нарыққа жеткізу үшін пайдаланғаннан кейін компания Қарашығанақ газын Ресейге сататын болады. Сондай-ақ біз Астананы қоса алғанда, Қазақстанның қалған бөліктеріне газды жеткізу мәселесін бірлесіп шешеміз. Ішкі газдандыру бірінші орында. Сонымен бірге бізде экспорттық инфрақұрылым бар,  егер де өнім едәуір  ұлғайса,оны экспортқа шығару үшін қажетті жолдар бар.

Жоғарыда айтылғанның бәрі бүгінгі көрсеткіштер жоғары болмаса да, бірқатар өңірлерде оң динамиканы көрсетеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Маңғыстау облысында халықты газбен жабдықтау деңгейі 98%, Атырау облысында - 95%, Батыс Қазақстан облысында-78% құрайды. Алматы бойынша нәтижелер де жаман емес, тұтынушылардың 94%  газ жетті. Газбен қамтамасыз ету деңгейі 50% шегінен асқан Ақтөбе, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында процесс қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Жамбыл және Алматы облыстарында әлі де  жасайтын жұмыс жеткілікті, өйткені олардың көрсеткіштері елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда төменірек. Алайда жақсы өзгерістер де бар.

Осы жылдың 24 сәуірінде өткен ашық тыңдаулар кезінде «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ өкілдері ҚР үш облыстарының елді мекендерін толығымен газдандыру жоспарларымен бөлісті. Берілген ақпаратқа сәйкес 2012 жылы «ҚазТрансГаз-Аймақ» компаниясының тарату және торапты газ құбырлары бойынша газ тасымалы 10,7%, яғни  5,7 миллиард текше метрге дейін өсті. 2012 жылғы қарашада «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Атырау облысының тұтынушыларына өңірде бұрын әрекет еткен газ тасымалының тарифтері мен газдың сатылар бағасы бойынша  газды тасымалдауға және жеткізуге кірісті.

2012 жылдың желтоқсанында жалпы ұлттық телекөпірдің барысында Жамбыл облысында жылына 462 миллион текше метр  қуаттылығы бар «Қордай-Шу» жоғары қысымды байланыстыру газ құбырын іске қосты. Сондай-ақ өткен жылы компания Тараз газ құбыры 900 километрлік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарға кірісті, бұл оның өткізу мүмкіншілігін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік берер.

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкенттің газ тарату жүйесін жетілдіру инвестициялық жобасы бойынша белсенді жұмыс жасалды. Бүгін жетілдірілген жүйеге облыс орталығының 12,5 мың абоненттері қайта қосылды. Сондай-ақ Қызылорданың 3,4 мың үйлері мен 300 жуық коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындары «Қызылорда қаласын газдандыру» инвестициялық жобаның шеңберінде табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалаға жергілікті мұнай кен орындарынан жеткізілетін газдың құны ел бойынша ең төмен болып табылады.

Компания мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар меншігіндегі газ тарату жүйелерін балансқа қабылдау бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарланған. Компания Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін толығымен газдандыруды жоспарлауда. Өзбек газ жеткізушілерімен қиын қарым-қатынастағы осындай оң өзгерістер өте маңызды. Өткен жылдың соңында «ҚазТрансГаз» АҚ мен «Өзбекмұнайгаз» ҰХК «БГА-ТБА» және «Газли-Шымкент» торапты газ құбыры бойынша жалпы көлемі үш миллиард текше метр табиғи газды Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жеткізу бойынша келісті. Келіссөзді өткізуден кейін «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев хабарлағандай:

-         Оңтүстікте қандай қиындықтар туындайтыны бәріне мәлім. Көптен күткен қуанышты хабар, ҚазТрансГаз және Өзбекмұнайгаз компанияларының қарым-қатынасы тарихыныда тұңғыш рет біз Қазақстанның оңтүстігіне 3 миллиард текше метр газды  жеткізу бойынша келістік. Жыл сайынғы келісім-шарт 2 миллиард текше метрді құрайтын, тұңғыш рет біз Қазақстанның оңтүстігі бойынша 3 миллиард текше метрге келістік. Бұл Өзбекстанның әріптестерімен жасалған өте жақсы, өзара тиімді келісім.

Кездесудің қатысушылары «Түрікменстан» торапты газ құбыры арқылы 0,5 миллиард текше метр көлемдегі газды қосымша жеткізу бойынша келісті. «ҚазТрансГаз» АҚ және «Газпром» ААҚ арасындағы келісім бойынша Қазақстан жыл сайын айырбастау операциялары бойынша 3 миллиард текше метр өзбек газын алуы тиіс. Өз кезегінде өзбек көршілеріміз жыл сайын тек қана 2,5 миллиард текше метр көгілдір отынды жеткізіп елдің оңтүстігінде газ тапшылығы пайда болды.  Қазір жемісті келіссөздер мен «Қазақстан-Қытай» торапты газ құбырынан өзбек газының жеткізілімін ұйымдастырудан кейін оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету мүмкін болды.

Бірнеше уақыт бұрын Алматы облысының Іле ауданында Алматы облысын газдандыру өңірлік бағдарламасының бірінші кезеңінің бөлігі болып табылатын жоғары қысымды газ құбыры іске қосылды.

Жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтау Қоянқұс кентінің тұрғын үйлеріне көгілдір отынды берумен белгіленді. Содан кейін Іле ауданының елді мекендері газбен қамтамасыз етілді. Облыстың барлығын газдандыру үшін 32 миллиардтан артық теңге қажет. Бұл ақша республикалық және облыстық бюджеттен, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» компаниясының қаражаты есебінен бөлінетін болады.  2015 жылға дейін бағдарлама жүзеге асырылатын болады және жоспарларға сәйкес осы уақытқа қарай көгілдір отын тұрғын үйлерге (бұл 11 мың жанұя) үздіксіз жеткізіліп ғана қоймай, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді.  Сонымен бірге жоба экономикалық тиімділіктен басқа, өңірдегі экологиялық жағдайдың түзелуіне септігін тигізеді деп белгіленген.

Оңтүстік өңірлерді газдандырумен қатар елдің солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев берген ақпарат бойынша қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» елдің солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру бойынша ТЭН әзірледі. Енді жобаны қаржыландырудың кейбір мәселелері (әбден мүмкін шетел инвесторларын тартумен) және газды солтүстіктікке және солтүстік-шығысқа жеткізу нұсқаларын түбегейлі қарастыру ғана ашық қалды: Петропавлдан Көкшетауға және Астанаға дейін, Қостанай облысы арқылы тікелей Астанаға дейін немесе Қостанай арқылы Көкшетауға дейін және Астанаға дейін. Министрдің айтуы бойынша барлық нұсқалардан - Хартылыдан Көкшетауға дейін және төмен астанаға дейінгі жаңа тармақтың құрылысы ең қолайлы болып табылады.  

Шығыс Қазақстанды газбен қамтамасыз ету мәселесінде де күрт өзгерістер бар. Зайсан кен орнында геологтар табиғи газдың ірі жатындарын тапты, оның қоры кемінде он жыл үздіксіз өндіру бойынша кепілдік береді. Нәтижесінде табысты жүзеге асырылып жатқан ұзындығы 92,5 километр «Сарыбұлақ-Майқапшағай» торапты газ құбырының жобасы пайда болды.  Бұл тармақ Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер. Бәрі сәтті өтсе автономды ауылдар да газбен қамтамасыз етіледі, газ автокөлік немесе темір жол арқылы сұйытылған түрде жеткізілетін болады.

Жаңаөзен, Атыраудағы Теңіз ГӨЗ мен Ақтөбедегі Жаңажол ГӨЗ -  үш газ өңдеу зауыттарын түбегейлі  жетілдіру бойынша жоспарды атап өту қажет. Бүгін олардың сомалық қуаттылығы жылына 18,9 миллиард текше метр газды құрайды. Жоспарланған қалпына келтіруден кейін бұл көрсеткіштер кемінде бір жарым есеге өседі, бұл елімізге ішкі нарықты
молықтыруды жалғастыруға және ішкі нарықтағы «көгілдір отын» мен өңделген өнімдердің жетекші жабдықтаушысы ретінде өз орнын нығайтуға мүмкіндік берер. Оралдық «Жайықмұнай» ЖШС жетістіктері туралы айтып өту керек. Соңғы ақпарат бойынша қазіргі уақытта ГӨЗ бірінші және екінші кезектері пайдалануға берілді. Газ өңдеу зауыты мұнайды дайындау күші бар қондырғыдан газ конденсатын, сондай-ақ ілеспелі газдың өңдеуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде «Жайықмұнай» жаңа өнімдердің кең ассортиментін алады, яғни тұрақты конденсат, СМГ және құрғақ газ.

Экспорт – қиын ғылым.

Ішкі нарықтарға келетін болсақ, жоғарыда айтылған елдің бірлескен қытай-түркімен газ құбырына қатысудан бөлек еуропалық бағыттағы бірқатар көліктік жобалар қаралуда.

Статистика бойынша 2012 жылы Қазақстаннан экспортқа шығарылған гадың жалпы көлемі 8,8 миллиард текше метрді құрады (2011 жылға 103,8%). Транзиттік ел бола тұра ҚР 96,5 миллиард текше метр (100%) көлемдегі газдың тасымалын жүзеге асырды. Яғни, өндірудің тұрақты өсімінен басқа, қазіргі таңда барлық экспорттық құбырлардың жұмысы толық.

Қазақстанның Еуропа Энергетикалық Хартия жұмысына белсене қатысуын ескерсек, келешекте жаңа транзиттік бағыттар қаралатын болады. 90 жылдардың ортасында Еуропалық одақ бірыңғай энергетикалық стратегияны жасады, оның мақсаты энергетикалық ресурстар жабдықтаушыларының санын ұлғайту еді. Еліміздің басшылығы Еуропаға мұнай мен газдың тікелей экспортшысы болу мүддесін бірнеше рет білдірген, соның ішінде «Оңтүстік газ дәлізі» жобасына кіру.

Энергетика мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Гюнтер Оттингер атап өткендей:

-         Еуро Одақтың энергетикалық қажеттіліктерінің шамамен 25%  қанағаттандыру үшін келешегі зор Каспий өңірінің ресурстары жеткілікті. Еуропа мен Орталық Азияны байланыстыра алатын газ құбырларының желісін құру Еуро Одақтың басым бағыты болып табылады. Осыған байланысты Еуро Одақ Қазақстанды Транскаспий газ құбыры жобасына қатысуға шақырды...

«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы басшыларының бірі Жамболат Сәрсеновты Энергетикалық хартия конференциясы төрағасының орынбасары етіп тағайындау, еліміздің Энергетикалық хартия жұмысына қатысуындағы кезекті даму қадамы болып табылады. Энергетикалық хартияның бас хатшысы Урбан Руснактың Қазақстанға 2012 жылғы қазанындағы ресми сапары барысында Энергетикалық хартия процессін жетілдірудің өзекті мәселелері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізіліп жатқан Астана экономикалық форумының шеңберінде Энергетикалық хартия ынтымақтастығы талқыланды, сондай-ақ осы жылдың 22-24 мамырында өткізілетін алтыншы форумның дайындығына хатшылық қосатын үлес мүмкіншілігі қаралды.  Форумда жаһандық экономика өсуінің және ағымдағы жылы шикізат бағасының келешегі қаралады, көмірсутектерді өндіру және тасымалдау мәселесін қоса алғанда экономика салаларының  оңтайлы даму жолдары бойынша тиісті ұсынымдар қабылданатын болады.

Қолданыстағы және өзін танытқан бағыттарға келетін болсақ қысқа халықаралық транзит жолымен түркімен және өзбек газын Қазақстанның аумағы арқылы Ресейдің еуропалық бөлігі мен кейін Шығыс Еуропаның елдеріне жеткізетін «Орталық Азия-Орталық» торапты газ құбырын атап өту қажет.

Осыған байланысты «Газпром» РАҚ мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ арасында 2016  жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болатын 2011-2015 жж. Қазақстан аумағы арқылы табиғи газды тасымалдау орташа мерзімді келісім-шарт жасалды.

Мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі жобалары қатарында Ресей мен Қазақстанның серіктестік қарым-қатынасын назардан тыс қалдыруға болмайды, олардың нәтижесінде 2001 жылы Қазақстанның ішкі нарығын табиғи газбен қамтамасыз ету басты мақсаттарының бірі  табылатын «КазРосГаз» бірлескен кәсіпорны құрылды. Осы БК құруға дейін Қазақстан шикі газдың барлығын дерлік «Газпром» компаниясына сататын және оның көп бөлігі елдің тұрғындарына жетпейтін. Сол кездегі қазақстан-өзбекстан келісімдеріне келетін болсақ, олар мінсіз жүзеге асырылмады, сол себептен Қазақстанның оңтүстігіне өзбек газын жеткізуде қиыншылықтар туындайтын. Сондықтан да қазақстан мен ресей газ қуаттарының бірігуі газ тапшылығын жоюға және экономикалық тұрғыдан тиімді газ тасымалдау схемаларын енгізуге мүмкіндік берді. Осы серіктестіктің дамуы 2006 жылғы шілдеде Қазақстан және Ресей президенттері қол қойған Қарашығанақ кен орны газын өңдеу саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен декларацияда заң тұрғысынан бекітілді. Негіз болатын осы құжат салалық келісімдермен және келісім-шарттармен бекітілді, сондай-ақ «Газпром» ААҚ басшылығының құрамында белгілі өзгерістер пайда болды.

Ресми ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта 2007 жылдан бастап Орынбор газ өңдеу зауытында өңделетін Қарашығанақ кен орны газы «КазРосГаз» ЖШС үшін негізгі ресурстық база болып табылады. «КазРосГаз» компаниясы «Газпром» РАҚ-нан қарашығанақ газын қарсы жеткізу жолымен Қазақстан ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Осы алмастыру схемасы Ақтөбе және Қостанай облыстарына, сондай-ақ ҚР оңтүстік өңірлеріне төмен баға бойынша газды тұрақты жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2012 жылы қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны  8,039 миллиард текше метр көлемдегі Қарашығанақ кен орнының шикі газын қабылдап, оны Орынбор газ-химиялық кешенінде өңдеуін қамтамасыз етті. Қорытынды мәлімдемеде айтылғандай: «2012 жылы Қазақстанның ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету мақсатында «КазРосГаз» компаниясы 4 миллиард 35 миллион текше метр көлеміндегі Қарашығанақ кен орнының тауарлық газын Қазақстанның тұтынушыларына үздіксіз жеткізу бойынша міндеттемелерін орындады. Сондай-ақ «КазРосГаз» 2 миллиард 872 миллион текше метр көлеміндегі қарашығанақ газын экспортқа шығаруды қамтамасыз етті».

2010 жылдың қыркүйегінде Имашев шекарааралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды және қазақстан мен ресей тарапынан Үйлестіру комитетінің құрамы бекітілді. 2011 жылдың сәуірінде Мәскеу қаласында «Газпром» ААҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары Алексей Миллер мен Қайыргелді Қабылдиннің  арасында өткізілген жұмыс кездесуінің нәтижелері бойынша «КазРосГаз» кен орынның операторы болып белгіленді. Кен орынның барланған газ қорлары 100 миллиард текше метрді құрайтынын ескерсек, өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі айдан анық.

Қазақстан аумағында ең маңызды болып табылатын Имашев кен орны негізінде компания ресурстық базаны ұлғайтады деп сенетіні жайлы атап өтті «КазРосГаз» ЖШС Бас директоры Қайрат Боранбаев.

-         Осы кен орынды игеру «КазРосГаз» компаниясына қазақстандық газдың ресурстық базасы мен оның «Газпром» компаниясының қуаттарында өңдеу көлемін көбейтуге және Қазақстанның ішкі нарығына құрғақ газды жеткізу көлемін, сондай-ақ экспорттық жеткізуді арттыруға мүмкіндік беретініне сенеміз. Бұл жоба өткізу нарықтарын әртараптандыруға мүмкіндік берер.

Бір орында тұрмаймыз

Осы жылы жүзеге асыралытын газ тасымалдау жобаларының қатарынан республиканың орталық өңірлерін және Астана қаласын газдандыруды қамтамасыз ететін «Тобол-Көкшетеу-Астана» торапты газ құбырының басталған құрылысы туралы сөз қозғайық. Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша торапты газ құбырының жобалық қуаттылығы жылына 6 миллиард текше метрді құрайды және торапты газ құбырының бағдары бойында барлық тұтынушыларды қамтуды ескереді. Ағымдағы жылдың ақпанында «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ Басқарма төрағасы мәлімдегендей:

-         Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырылатын «Тобол-Көкшетау-Астана» газ құбырының құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша шешім табылды. Осы жылы  құрылыс басталатынына кепілдік береміз.

-         Ағымдағы жылдың қазанында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының линиядағы бөлімі іске қосылады. Жуырда болған онлайн-конференцияның барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев айтқандай газ құбырының ұзындығы 1,5 мың километр ол Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша өтеді. Пайдалану мерзімі отыз жылдан астам. 

-         Құрылыс жалғасуда, кестеден қалып жатқан жоқпыз, қандай да арта қалушылық реттелді, - деді министр.  – Мерзімдерге келетін болсақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры екі кезеңнен тұрады. Біріншісі бұл Бозой-Шымкент, екіншісі кішірек оның Бейнеуден Бозойға дейінгі ұзындығы 311 километр. Бозой-Шымкент бойынша айдау мүмкіндігі бар құбырдың линиядағы бөлімі осы жылдың қазанында іске қосылады жән оңтүстік облысты Ақтөбе газымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер.

Мамандардың болжамына сәйкес газ құбырын пайдалануға берумен  Қызылорда облысы бойынша  газды беру көлемі 5 есеге, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2,5 есеге, Жамбыл облысы бойынша 3 есеге, Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша 4,4 есеге ұлғаяды.

Негізгі энергетикалық ресурстың бірі ретінде  газдың маңызды рөлі келешекте сақталады. Дүниежүзілік нарықтың қарқынды өзгеріп жатқан жағдайында еліміз үшін газ саласында икемді және бәсекелесуге қабілетті ойыншы болып үйрену қажет.

Сөзсіз Қазақстанның ұстанымы жаман емес. Соңғы жылдардағы қомақты қаржыландыру мен бірқатар салалардың қарқынды дамуы осыған себепкер.  Көп нұсқалы және қауіпсіз транзиттік жүйе құрылды, ал жоспарланған жобалардың барлығын жүзеге асырумен (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) республика дүниежүзілік энергетика нарығында өз орнын барынша нығайтады.

Шикізатты өңдеу «көгілдір отын» нарығын құру стратегиясында маңызды орынды алады. Соңғы жылдары Қазақстан осы бағытта біршама алға жылжыды осыған халықаралық деңгейде орнатылған байланыстар мен қолайлы инвестициялық климат жағдай жасайды. Жоғары технологиялар саласында бәсекелестікке жету туралы еліміздің келешегі жайлы пікірімен бөліскен энергетикалық қауымдастықтың басшысы Тимур Құлыбаев  тұрақты және тиімді экономикалық саясаттың рөліне тоқталды:

-   Соңғы жылдары жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде бұрын жандырылған ілеспелі газды өңдеу, одан бағалы көмірсутегі тауарларын, электр энергиясын өндіру үшін бірқатар  жаңа қуаттарды салды. Мемлекеттік және корпоративтік мүдделердің бірігуі республикада және осы салада құрылған инвестициялық саясаттың тиімділігін айқындайды. 

Бұл  ядерлік энергетика, металлургия және машина жасау өнеркәсібі, химиялық және аграрлық кешен секілді экономиканың басқа салаларын индустриалдық-инновациялық жетілдіру үлгісін жасау үшін бағдар. Шикізатты өндіруден жоғары  қайта өңдеу өнімдерін шығаруға дейін – бұл Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген Қазақстан шаруашылық жүйесі мен экономикасының «тік» даму жолы.

23 мамыр 2013 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS