ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Башқұртстан Республикасына жасаған іссапар барысында «КазРосГаз» ЖШС өкілдері «Газпром нефтехим Салават» ААҚ өндірістік алаңына барып қайтты

Делегацияның құрамына «Газпром» ААҚ еншілес қоғамдары мен ұйымдарының және қаржы-несие мекемелерінің («Газпром межрегионгаз Уфа» ЖШҚ, «Газпром трансгаз Уфа» ЖШҚ, «СОГАЗ» ААҚ, «Газпромбанк» ААҚ, «ВТБ-банк», «Сбербанк» ААҚ), сондай-ақ Башқұртстан Республикасының ірі мұнай-химиялық кәсіпорындарының («Каустик» ААҚ, «Управляющая компания Тау НефтеХим») басшылары мен өкілдері кірді.

Сапар барысында «КазРосГаз» ЖШС өкілдері «Газпром нефтехим Салават» компаниясының зауыттарына барып, соңғы үш жылда пайдалануға берілген өнеркәсіп қондырғыларының жұмысымен танысты. Мұнай өңдеу зауытында ЭЛОУ АВТ-6 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы және гидротазалау қондырғысы ГО-2, газ-химиялық зауытында карбамидті түйіршіктеу қондырғысын, төмен қысымды полиэтилен өндірісін және «Мономер» зауытындағы акрил қышқылы мен акрилаттар жаңа кешенінің құрылыс алаңын көріп қайтты.

Анықтама

«Газпром нефтехим Салават» ААҚ 1948 жылы құрылды, қазіргі уақытта Ресейдегі мұнай-химиясының басты орталығы болып табылады. Шығарылатын өнімдердің тізбесі 140 астам атауды қамтиды, соның ішінде негізгі өнімдердің 70 артық атау.
Елдің ірі эскпортшысы бола тұра «Газпром нефтехим Салават» ААҚ өнімнің үштен бірін шетелдік тұтынушларға жеткізеді. Экспорт географиясы жақын және алыс шетелдің жиырмадан астам мемлекетін қамтиды, соның ішінде Финляндия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Балтия және т.б. Экспорттық өнімдер тізбесі 20 артық атауды қамтиды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын әрекет ететін өндірісті қалпына келтіруді және жаңа өндіріс құрылысын жүзеге асырады, технологиялық процесстерді басқару автоматтандырылған жүйесін енгізеді, кәсіпорын қызметін оңтайландыру мақсатында басқару құрылымын жетілдіреді.

1 маусым 2013 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS