ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«КазРосГаз» ЖШС 2013 жылы өңдеу үшін қарашығанақ газының Орынборға жеткізілімін 2% ұлғайтты

2013 жылы «КазРосГаз» ЖШС Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны Орынбор газ-химия кешенінің қуаттарында 8, 197  миллиард текше метр көлемдегі Қарашығанақ шикі газын қабылдап, өңдеуді қамтамасыз етті.

Ұқсас көрсеткіш 2012 жылы 8,039 миллиард текше метрді құрады. Осылайша есеп беру кезеңінде өңдеу үшін қарашығанақ газының Орынборға жеткізілімі 2% өсті.

«КазРосГаз» ЖШС өткен жылы мынадай өңделген газ өнімдерін қабылдады және өткізді: сұйық күкірт – 341,4 мың тонна (2012 жылы 356,7 мың тонна), сұйытылған көмірсутегі газы -167,2 мың тонна (165,8 мың тонна), отын газы -96,8 мың текше метр (77,98 мың текше метр), пентан-гексан фракциясы – 10,5 мың тонна (9,5 мың тонна), тұрақты газ конденсаты -33,9 мың тонна (35,8 мың тонна) және этан фракциясы - 33,6 мың тонна (29,1 мың тонна).

Өңделген газдың экспортқа жеткізілімі 2013 жылы 6,273 миллиард текше метрді құрады, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш  6,303 миллиард текше метрді құрады. Қазақстанның ішкі нарығына - 817 миллион текше метрді құрады, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 605 миллион текше метрді құрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 28 қарашадағы келісімнің қағидаларын тиімді орындау мақсатында «КазРосГаз» ЖШС құрылды. Оның қатысушылары құрамына тепе-тең негізде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ААҚ кірді.

Компанияның негізгі ресурстық базасы бұл –  Қарашығанақ кен орнының шикі газы (Батыс Қазақстан облысы).

Источник: «Интерфакс-Казахстан»

21 қаңтар 2014 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS