ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Бүгін «КазРосГаз» ЖШС орталық кеңсесінде компанияның ұжымына жаңа Бас директор (Басқарма төрағасы) Айбек Сәбитұлы Байзақов таныстырылды.

Осы шешімді «КазРосГаз» ЖШС қатысушылары («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ААҚ) қабылдады.

Серіктестіктің ұжымына «КазРосГаз» ЖШС жаңадан сайланған Басқарма төрағасын (Бас директорын) Айбек Сәбитұлы Байзақовты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ тасымалы және маркетинг жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиұлы Сұлтанғали таныстырды.

Айбек Сәбитұлы Байзақовтың жоғары кәсіби ісі Серіктестіктің табысты дамуының және «КазРосГаз» ЖШС алдында тұрған мақсаттарды шешудің сенімді кепілі болатынына сенім білдірді.

Айбек Сәбитұлы Байзақов 2012 жылғы қарашадан бастап Бас директордың газ маркетингі жөніндегі орынбасары (Басқарма мүшесі) қызметін атқарды.

Мынадай марапаттары бар: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2011 ж., «Қазақстан құбыр көлігіне – 70 жыл» естелік медалі – ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, 2005 ж., «ҚазТрансГаз» АҚ 10-жылдығына  арналған құрмет грамотасы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, 2010 ж.

«КазРосГаз» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс және ақпараттық саясат жөніндегі секторы

21 қаңтар 2014 | Жаңалықтар
Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS