Жаңа еңбек жылын бастай отырып, ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.
Ақтөбе қаласында автокөліктерді сығымдалған метан газымен жабдықтайтын компрессорлық станцияның (АГТКС) ашылу салтанаты өтті. Жобаны Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Ақтөбе облысында автокөліктерді сығымдалған табиғи газға (СТГ) ауыстыру бағдарламасы шеңберінде іске асырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысындағы қайта жаңғыртылып салынған «Бозой» жер асты газ сақтау қоймасында «Газ құрғату қондырғысын» пайдалануға енгізді. Газ инфрақұрылымының объектісін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде салды. Жаңа нысанды іске қосу Мемлекет басшысының қатысуымен өткен елді индустрияландыру Күніне арналған дәстүрлі телекөпір кезінде тікелей эфир арқылы өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» тармағында жаңа №1 (КС-1) компрессорлық станциясын пайдалануға енгізді. Объект Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Көксу кентіне таяу жерде орналасқан және магистральдық газ құбырының жоспарланған 8 станциясының бірі болып табылады.
Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ Қытайға отандық газды экспорттауды бастады. Қазақстандық газды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан «Орталық Азия - Қытай» трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астанадағы газ операторының Бірыңғай диспетчерлік орталығында өтті
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысында Ақтөбеде өнімділігі сағатына 300 мың текше метрді құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) іске қосты. Бүгінде бұл АГТС Қазақстандағы ең қуатты станция саналады.