ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Қызметі / Жобалар

«Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру» жобасы

«КазРосГаз» ЖШС-нің қатысушылары Орынбор ГӨЗ негізінде күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру қажеттілігі туралы шешімді қарашығанақ газының үздіксіз өңделуін қамтамасыз ету және күкіртті сату жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында қабылдаған болатын.

«Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру» жобасын жүзеге асыру үшін мыналар әзірленген болатын: «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ-да келісілген жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру жөніндеге жобалау-іздеу жұмыстарын (ЖІЖ) өткізу және жоба-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеу үшін техникалық тапсырмалар мен талаптар. 2011 жылдың шілде айында жобалау құжаттары және жұмыс сызбанұсқаларын дайындайтын ЖІЗ мен ЖСҚ құру бойынша жобалаушы анықталатын болады. Құрылыс жұмыстарының басталуы 2012 жылы жоспарланған, ал аяқталуы 2014 жылға белгіленген.

Күкіртті түйіршіктеу бойынша өндірістік негізді құру» жобасын жүзеге асыру күкірттің сатылымын жақсартуға, оның халықаралық стандаттар талаптарына сәйкес сақталуын, қапталуын және тасымалдануын  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS