ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Қызметі / Жобалар

«Имашев кен орны» жобасы

2010 жылдың 7-қыркүйегінде Өскемен қаласында жасалған Имашев трансшекаралық газконденсатты кен орнын геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім (бұдан әрі-Келісім) бойынша уәкілетті ұйымдар болып табылатын «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ-ның бірлескен шешімімен осы жылдың 27-сәуірінен «КазРосГаз» ЖШС Келісімді жүзеге асыру бойынша бірыңғай оператор болып анықталды.

Келісім тараптардың уәкілетті ұйымдары («ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ) арасында шығыстардың тең қаржылануы шартында көмірсутегі шикізатының қорларын есептеумен және кен орынды игерудің техникалық-экономикалық бағалауымен Имашев кен орнын гегологиялық зерттеу мен барлау жұмыстарын өткізуін көздейді. Келісім бойынша уәкілетті ұйымдармен қабылданған Имашев кен орнын геологиялық зерттеу және барлау бағдарламасы бойынша және бірыңғай оператордың қызметін жүзеге асыру жөніндегі барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін осы жоба бойынша жұмыстарды атқару жоспарлануда.

Келешекте «Имашев» кен орнын игеру «КазРосГаз» ЖШС-не қазақстандық газдың ресурстық қорын және «Газпром» ААҚ-ның өңдеу қуаттарында оның өңдеу көлемдерін ұлғайтуға, ҚР ішкі нарығына құрғақ газдың қажетті көлемдерін жеткізуге және экспортқа шығарылатын қазақстандық газдың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба өтім нарығын әртараптандыруын және газ және оның өңделген өнімдерін тасымалдау, өңдеу және сату жөніндегі «Газпром» ААҚ-мен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Имашев трансшекаралық газконденсатты кен орнын геологиялық зерттеу мен барлау бойынша бірлескен қызмет туралы Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық келісімін жүзеге асыру мұнай және газ саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамуына, экономикалық әлеуетінің өсуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік туғызады.

«Имашев» кен орнын игеру туралы шешім қажетті геологиялық барлау жұмыстарын өткізу, көмірсутегі шикізатының қорларын бағалаудан кейін және құрылымның геотектоникалық құрылымын анықтау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Орта есеппен Имашев кен орнынан алынатын қорлар 128 млрд. текше метрден астам газ және 20 млн. тонна газ конденсаты болып бағаланады.

По предварительным подсчетам извлекаемые запасы Имашевского месторождения оцениваются более чем 128 млрд. м3 газа и 20 млн. тонн газового конденсата.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS