ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Қызметі / Жобалар

Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын

2006 жылдың 3-қазанында Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев президенттерінің Орал қаласындағы екі жақты кездесуінде газ саласындағы ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылған болатын.

Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамды құрудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша 2007 жылдың 31-мамырында «КазРосГаз» компаниясы Қарашығанақ кен орнының шикі газын сатып алуды және бірлескен кәсіпорын қуаттарында жылына 15 млрд.текше м. кем болмайтын көлемде өңдеуді, сондай-ақ өңделген газды Қазақстан Республикасының нарығында сатылымы мен оның экспортын көздейтін бірқатар қажетті ұзақ мерзімді келісім-шарттарды жасасты.

Қол қойылған құжатқа сәйкес Ресей жарғылық капитал ретінде Орынбор газ өңдеу зауытының активтерін, ал Қазақстан өз үлесін ақшалай енгізеді.  Олар газ тасымалдау жүйесін дамытуға және кәсіпорынды модернизациялауға жаратылады. «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром» ААҚ бірлескен кәсіпорынды құруда уәкілетті ұйымдар болып анықталды. Бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлестері тепе-тең негізде реттелетін болады.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS