ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты

Компания туралы

Қош келдіңіздер!

КазРосГаз ЖШС қарқынды дамып жатқан энергетикалық компания.  9 жыл ішінде «КазРосГаз» компаниясы өз атын шығарып қана қоймай, ТМД және Еуропа мемлекеттерінің нарықтарында танымал болды.

Компанияның негізгі қызметі: маркетинг, өңдеу, қазақстандық табиғи газды және оның өңделген өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда тасымалдау мен сату.

«КазРосГаз» ЖШС-нің қызметі компания активтерінің экономикалық құны өсуі мақсатында жаңа мүмкіндіктерді пайдалуға негізделген компанияның экономикалық құнының ұлғаюын қамтамыз етуге бағытталған.

Келешекте «КазРосГаз» аймақтың жетекші газ өндіруші  компаниялар қатарына қосылуы тиіс. Бұл Қазақстан мен Ресейдің бәсекелестік қабілетін нығайтып, олардың әлемдік отын нарығында позициясын күшейтер.

            Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет атап өткендей, біздің мемлекеттер энергетикалық серіктестер болып табылады, сондықтан да біз үнемі бір-біріміздің мүдделерімізді ескеруіміз қажет.

Ал «КазРосГаз» ЖШС-нің табысты қызметі тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықтың айқын мысалы болар.

Ресурстық қор

«КазРосГаз» компаниясының негізгі ресурстық қоры- қарашығанақ кен орнының шикі газы.

 

Ішкі нарық

«КазРосГаз» ЖШС өңделген қарашығанақ құрғақ газының негізгі көлемдерін Қазақстан тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жеткізеді. Қарсы жеткізілімдерді қамтамасыз ету механизмі Қостанай облысы тұтынатын ресей газын және Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұтынатын өзбек газын кесімді бағалар бойынша өңделген қарашығанақ газының баламалы көлемдерімен ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Қарсы жеткізілімдер сызбанұсқасы Қазақстан Республикасындағы құнсыздану үдерістерін тоқтатуға және Қазақстан халқы үшін тиімді шарттарда табиғи газды оңтүстік аймақтар мен Қостанай облысына жеткізу мүмкіндік береді.


Экспорт

Қазақстан газының экспорттық жеткізілімі бойынша негізгі контрагенттер болып «Gazprom Germania GmbH» және «Gazprom Schweiz AG» табылады. Қазақстандық газдың экспортқа жеткізілімі Қазақстан және Ресей Федерациясының шекарасында «Александров Гай» ГӨБ газды беру арқылы «Газпром» ААҚ-ның еншілес компаниясы «Gazprom Germania GmbH»-мен жасалған ұзақ мерзімді шарты бойынша жүзеге асырылады.


Өңделген өнімдер

Орынбор газ өңдеу зауытында шикі газды өңдеу нәтижесінде КазРосГаз тауар газының көлемдерінен басқа, Құрғақ газ, Күкірт, Тұрақты конденсат, СКГ, ЖККТ, Этан, ПГФ секілді өңделген газ өнімдерінің толық спектрін алады.


Өңделген өнімдерді сату

Өңделген газ өнімдерінің тиелім географиясы Шығыс Еуропаның барлығын дерлік қамтиды, алайда Ресей Федерациясы негізгі тұтынушы болып табылады.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS