ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Компания туралы

Басшылық

Байзақов Айбек Сәбитұлы

«КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы (Бас директоры)

 





Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 22.11.1965 ж.

Білімі: 1988 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша бітірген, Алматы қаласы.
2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, Астана қаласы.

Мансап: 1988 жылдан бастап 1992 жылға дейін - «Казгипросельхоз» АМЖИ инженер – экономисті, инженер. 1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін - «Казкооппромпушнина» («Казпотребсоюз») бірлестігінің жетекші экономисті. 1993 жылдан бастап 2002 жылға дейінгі кезеңде – жеке коммерциялық құрылымдар басшысы. 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін– Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының істерін басқарушы. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Газ Импэкс» ЖАҚ Бас директоры.

2006 жылғы тамыздан бастап қарашаға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директордың сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директордың сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. 2009 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы қаңтарға дейін «ҚазТрансГаз» АҚ басқарушы лауазымдарды атқарған: Газ маркетингі жөніндегі басқарушы директор; Бас директордың газ маркетингі жөніндегі бірінші орынбасары; Бас директордың газ маркетингі жөніндегі орынбасары. («ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Амангелді Газ» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы)

2014 жылғы қаңтарда «КазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы (Бас директоры) лауазымына тағайындалды.


Марапаттар: 

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2011ж.

«Қазақстан құбыр көлігіне – 70 жыл» естелік медалі – ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, 2005 ж. 
«ҚазТрансГаз» АҚ 10-жылдығына арналған құрмет грамотасы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, 2010 ж.

__________________________________________________________________________________________

Жанабаев
Ерен Жапарұлы

«КазРосГаз» ЖШС Бас директордың маркетинг жөніндегі орынбасары (басқарма мүшесі)

 

 

 

 

 

 


Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған  кезі: 31.08.1962 ж.

Білімі: Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді.

Мансап: 1986 жылдан бастап 1988 жылға дейінгі кезеңде Шу АЭК инженері болып жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап 1990 жылға дейін ҚазКСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігінде Тұрғын үй шаруашылығы басқармасының аға инженері. 1990 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Костромской Торговый Дом» АҚ Қазақстан өңірі бойынша өкілі болды. 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі кезеңде Алматы қалалық әкімшілігінің сыртқы экономикалық  және мәдени байланыстар жөніндегі комитетінің істерін басқарушы. 1997 жылдан бастап 1999 жылға дейін –«Гермес» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан бастап 2002 жылға дейін «Меркурий» ЖШС директоры, кейін коммерциялық директоры лауазымын атқарған.  2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін – «Мұнай Жол» ЖШС директоры. 2003 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде –  «Темірлан» ӨКФ ЖШС директоры. 2014  жылдан бастап 2015 жылға дейін «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» АҚ тасымал департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2015 жылғы ақпанда «КазРосГаз» ЖШС-не Бас директордың маркетинг жөніндегі орынбасары лауазымына ауысты.

__________________________________________________________________________________________

Сағдиева 
Сәуле Мақтайқызы

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, жоғарғы басшылықтың СМЖ жөніндегі өкілі

 

 

 

 

 



Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 21.12.1965 ж.

Білімі: Алма-Аты халық шаруашылығы институтын сауда экономикасы мамандығы бойынша бітірді.

Мансап: 1986 жылдан бастап 1991 жылға дейін В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ЭО және ПМП кафедрасының инженері болып жұмыс істеді. 1991 жылы Алматы қ. Мәскеу аудандық қаржы бөлімінің аға ревизор-инспекторы болды. 1991 жылдан 1993 жылға дейін Алматы қ. Кеңес ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Alem Bank Kazakhstan  кредиттік-экономикалық бөлімінің басшысы. 1997-2003 жылдар аралығындағы кезеңде «Тұран Әлем Банкі» ААҚ-да жетекші лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» СҮ» ЖАҚ Басқарма төрағасының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары болды.  2007 жылы «Инвест Капитал Риэлти» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары. 2007-2008 жылдары «Меркурий» АҚ қаржы директоры, «Инвест Капитал Риэлти» ЖШС жалпы мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2008 жылы «Инвест Капитал Риэлти» ЖШС және «High Tech Logistic»БК» ЖШС жалпы мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2009 жылдан бастап «КазРосГаз» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, жоғарғы басшылықтың СМЖ жөніндегі өкілі.


__________________________________________________________________________________________

Назаров
Болат Қонақбайұлы 

Бас директордың Имашев кен орнын барлау жобасы жөніндегі орынбасары

 

 

 





Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 25.02.1955 ж.

Білімі: Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау факультетін, тау-кен инженері мамандығы бойынша, Ақтөбе педагогикалық институтын физик-математик мамандығы бойынша аяқтады.

Мансап: 1979 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде «КазИНТЕКС» фирмасының директоры болды. 1995 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Қарашығанақгазпром» АҚ-ның өтім жөніндегі вице-президенті. 1997 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде «Қазақойл-коммерция» ЖШС өтім департаментінің директоры. 1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Қазақойл» ҰМК-ның Қарашығанақ жобасы департаментінің директоры. 2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның Қарашығанақ жобасы жөніндегі вице-президенті. 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ Бас директордың бірінші орынбасары. 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі кезеңде «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ ӨБК жобаларын басқару жөніндегі атқарушы директор болды. 2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ ӨБК жобаларын басқару жөніндегі басқарушы директор. 2008 жылдың сәуірінен бастап 2008 жылдың желтоқсанына дейін «КазРосГаз» ЖШС Бас директорының орынбасары. 2009 жылдың басынан «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы). 2010 жылы «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі). 2011 жылдың тамызында «КазРосГаз» ЖШС-не Бас директордың Имашев кен орнын барлау жобасы жөніндегі орынбасары болып ауысты.

Марапаттар:

«Құрмет» ордені

ҚР Президентінің Алғыс грамотасы

ҚР Премьер-министрінің Алғыс грамотасы

ҚР Мұнай және газ министрлігінің Алғыс грамотасы

Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Казэнерджи» қауымдастығының медалі.

__________________________________________________________________________________________

  

 




 

 

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS