ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Компания туралы

Құқықтық мәртебесі

Толық атауы: «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қатысушылары: «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Газпром»  ААҚ.

Құрылудың қысқаша тарихы:  2001 жылдың 28-қарашасынан газ саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімді жүзеге асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз»ҰК» ЖАҚ мен «Газпром»  ААҚ 2002 жылдың 7-маусымында тепе-тең негізде «КазРосГаз» жабық акционерлік қоғамын құрды. Кейіннен 2006 жылдың 5-мамырында «КазРосГаз» АҚ «КазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өзгеріп, 2002 жылдың 05-маусымында «КазРосГаз» компаниясы Алматы қаласының Әділет басқармасында тіркелді. 

2001 жылдың 28-қарашасынан газ саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім және Жарғы бойынша қызметтің басты бағыттары болып: табиғи газ және оның өңделген өнімдерінің өтім нарықтарын маркетинг тұрғысынан зерттеу, газ өңдеу зауыттарында газды өңдеу, табиғи газ тасымалын қамтамасыз ету, газды ішкі және сыртқы нарықтарда сату, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтары арқылы табиғи газ тасымалын жақын және алыс шетел нарықтарына жүзеге асыру жөніндегі  бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде оператор қызметін атқару, жаңа газ тасымалдау қуаттарын және қажетті инфрақұрылымды әзірлеу, жаңа технологияларды дамыту және енгізу, ғылыми-техникалық, өндірістік-шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, сонымен қатар заңнамаға сәйкес шетелде; газ жобаларын дайындау және дамыту жөніндегі консалтингтік және техникалық қызметті жүзеге асыру; мұнай және газ кен орындарын барлау, дамыту және пайдалану.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS