ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Компания туралы

Серіктестер

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»

1997 жылы «Би Джи Груп» бірлескен кәсіпорны бойынша серіктестер (32,5 пайыз) «Эни» (32,5 пайыз) және «Шеврон» (20 пайыз), «ЛУКОЙЛ» (15 пайыз) және Қазақстан Республикасы үкіметінің мүдделерін ұсынатын уәкілетті орган Қарашығанақ Кен орнын игеру мақсатында компанияны құрды. Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең үлкен газконденсатты кен орын болып табылады. Ол Қазастанның солтүстік-батысында орналасып, 280 шаршы километрден астам аумақты қамтиды. Кен орындағы көмірсутектердің бастапқы баланстық қорлары конденсаттың 9 миллиард баррелін және газдың 48 триллион текше футын құрайды, ал жалпы бағалау қорлары конденсаттың 2,4 миллиард барелінен және газдың 16 триллион текше футынан асады.





«Газпром добыча Оренбург» ЖШҚ

«Газпром добыча Оренбург» ЖШҚ 1968 жылы қаланған тапсырмалардың кең спектрі бар Ресей Федерациясының ең үлкен газхимиялық кешені. Компания «Газпром» ААҚ мен Орынбор ауданының аумақтық кешенінің құрамына енеді. «Газпром добыча Оренбург» ЖШҚ-ның негізгі қызметіне мыналар кіреді: мұнайдың және газдың жаңа кендерін табу мен барлау; газды, конденсатты, мұнайды өндіру; көмірсутегі шикізатын өңдеу; газхимиясы; өзге өнім берушілердің шикізатын өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулер; газ, конденсат, мұнай және олардың өңделген өнімдерінің тасымалы. 2007 жылдың қаңтарынан бастап «КазРосГаз» компаниясы алғаш рет қарашығанақ газының өңдеуін «Газпром добыча Оренбург» кәсіпорындарында Орынборда 2006 жылғы 12-желтоқсанда қол қойылған тікелей шарт негізінде жүзеге асырды.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS