ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Компания туралы

Тарихы

История КазРосГаз

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 28 қарашадағы келісімнің қағидаларын тиімді орындау мақсатында «КазРосГаз» ЖШС құрылды.

2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің екі жақты кездесуі кезінде «КазРосГаз» бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Газпром» ЖАҚ  тепе-теңдік негізде оның қатысушылары құрамына кірді. 

2002 жылғы 10 маусымда «КазРосГаз» ЖАҚ Алматы қаласының Әділет басқармасымен заңды тұлға ретінде тіркелді. 

Компанияның негізгі қызметі болып мыналар анықталды: газ және оның өңделген өнімдерін өткізу нарығын маркетинг тұрғысынан  зерттеуді,   өңдеуді, тасымалдауды, ішкі және сыртқы нарықтарда өткізуді қоса алғанда, Қазақстан табиғи газымен операцияларды өткізу. Кәсіпорын қатысушыларының үлесін 50%-де 50% арақатынасында үлестіру, кәсіпорын қызметіндегі тараптардың тең шарттарын растайтын түбегейлі аспекті болады.

Энергетикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекеттестіктің кеңеюі және  тереңдеуі,  екі ел қарым-қатынасының өзара тиімді ынтымақтастық және серіктестік деңгейіне ауысуы, бірлескен кәсіпорынды құруға негіз болды. Осы сияқты қарым-қатынастар форматы бір-бірінің газ нарықтарына және газ тасымалдау жүйелеріне өзара қол жетерлікті қамтамасыз етуді, халықаралық нарықтарға бірлесіп шығуды көздейді.


Бірлескен кәсіпорынды құру туралы бастама Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың және Ресей Президенті В.Путиннің тікелей уағдаластықтары, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы газ саласындағы ықтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне қол қою нәтижесінде мүмкін болды.  Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы серіктестігі тең құқылы және өзара тиімді бастамаларға негізделген.



КазРосГаз жабық акционерлік қоғамы нысанында құрылды. Кейін «Акционерлік қоғамдар туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының ережелерін орындау мақсатында «КазРосГаз» ЖАҚ Акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді. Қатысушылардың жалпы жиналысымен 2006 жылғы 05 мамырда Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта ұйымдастыру арқылы кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту туралы шешім қабылданды.

«КазРосГаз» компаниясының қызметі 1,2 млрд. тоннадан астам сұйық көмірсутектер  мен 1,3 трлн. текше метр газ қорларының көлемімен әлемдегі алып Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында өндірілетін газды кәдеге жаратумен байланысты. Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты  кен орнын игеріп отырған «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.».  2002 жылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясымен 3 жылға дейінгі мерзіммен Қарашығанақ кен орнының шикі газын сатып алу келісім-шарты «КазРосГаз» компаниясының бірінші ресурстық келісімі  болды. 2005-2006 жж. ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Газпром» ЖАҚ және Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қолдауымен «КазРосГаз» компаниясы «КазРосГаз» және Орынбор ГӨЗ арасында қарашығанақ газын өңдеу туралы тікелей келісім-шартты жасауды қамтамасыз еткен үкіметаралық құжаттар топтамасын дайындады. 2006 жылғы 17 шілдеде Қарашығанақ кен орнының газын өңдеу аясында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы Президенттер Н. Назарбаев пен В. Путиннің бірлескен декларациясы (бұдан әрі  Декларация) қабылданды, сондай-ақ 2006 жылғы 3 қазанда Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамды құрудағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында келісім (бұдан әрі Келісім) жасалған болатын.

 Декларация мен Келісімнің ережелерін басшылыққа алып, 2007 жылғы 31 мамырда «КазРосГаз» компаниясы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»-мен шикі газды сатып алу-сату туралы он бес жылдық келісім-шартты жасасты. Қол қойылған ұзақ мерзімді келісім-шарт жеткізілімдердің тұрақтылығы мен сенімділігі бөлігінде «КазРосГаз»  бірлескен кәсіпорны ынтымақтастығының жаңа кезеңіне айналды.  2007 жылғы 1 қыркүйекте Келісім-шарт күшіне енді.

Сол жылдың 1 қазанында газдың бірінші жеткізілімі   жүзеге асырылды.

КазРосГаз сатып алынған  шикі газды Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеу үшін жібереді. Содан кейін қажетті көлемдегі құрғақ газ Қазақстанның ішкі нарығына жіберіледі, ал қалған бөлігі экспорттық келісім-шарттар бойынша өткізіледі. 2007 жылғы қаңтардан бастап «КазРосГаз» компаниясы алғашқы рет Орынборда 2006 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған тікелей келісім-шарт бойынша «Газпром добыча Оренбург» кәсіпорындарында қарашығанақ газының өңдеуін жүзеге асырады.



Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы ынтымақтастығы мен дамуын белгілейтін басты құжаттар:

2001 жылғы 28 қарашадағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы үкіметаралық келісім;

2010-2014ж.ж. арналған ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 жылғы 18 қазандағы №1072 бағдарлама;

2009 жылғы 13 қарашадағы  РФ Үкіметінің №1715-ө өкімімен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеңде РФ дамуының энергетикалық стратегиясы;

2006 жылғы 17 шілдедегі Қарашығанақ кен орнының газын өңдеу аясындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР және РФ Президенттерінің бірлескен декларациясы;

2006 жылғы 3 қазандағы Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде шаруашылық қоғамды құрудағы ынтымақтастық туралы ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы келісім;

2010 жылғы 7 қыркүйектегі Пайдалы қазбалар қорларын кейін есептеумен Имашев кен орнын бірлесіп геологиялық зерделеу және барлау туралы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы үкіметаралық келісім.

Келісімді жүзеге асыру бойынша уәкілеттілер «Газпром» ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS