ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты

Әлеуметтік саясат

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мемлекеттің әл-ауқатын арттырудың ең маңызды факторларының бірі. КазРосГаз компаниясы жыл сайын қорғалмаған бұқара топтарына көмек көрсете отырып, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысына қаражат салу арқылы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыруға бағытталған жобаларға белсене қатысады.

«КазРосГаз» ЖШС әлеуметтік қызметі діни және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Әлеуметтік бағдарламалар компанияның стратегиялық, мақсатты ұзақ мерзімді саясатын білдіреді. Осылайша бағдарламалар мен іс-шаралардан әлеуметтік пайданы алу қоғамның экономикалық әрі мәдени өміріндегі сапалы өзгерістерді білдіреді.

    

Серіктестіктің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік саясат кең көлемді мәселелерді қамтиды. «КазРосГаз» ЖШС-нің ұжымында жыл сайын аурулардың алдын алуға және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Компанияда басты назар салауатты өмір салтын қолдауға бөлінеді. Спорттық іс-шаралар компанияның корпоративтік рухын дамыту үшін жақсы мүмкіндік. Компания жергілікті еңбек ресурстарын дайындауға және өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға зор үлес қосады. Кадрлық әлеуетті дамыту - «КазРосГаз» ЖШС ерекше назарды бөлетін тағы бір сала. Бүгінгі таңда оқыту, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру компания басты істерінің тізімінде бірінші орында.

Осылайша, «КазРосГаз» ЖШС-нің әлеуметтік саясаты компанияның қызметінде демеушілік және қайырымдылық ұғымынан кеңірек, өйткені кәсіпорынның қызметі табысты өндіріс қызметіне, жемісті серіктестікке, компания қызметкерлерінің, ел азаматтарының әл-ауқатына, қазақстандық қоғамның кейінгі дамуына бағытталған. КазРосГаз әлеуметтік жауапкершіліктің рөлін қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларының дамуына бизнестің қосқан ерікті үлесі ретінде таниды.

Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS