ТОО КазРосГаз.

Қаз Рус
Компания туралы ҚызметіӘлеуметтік саясатБаспасөз орталығыБайланыстарCатып алулар
Басты / Әлеуметтік саясат

Қайырымдылық пен демеушілік

Қайырымдылық бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды. Елімізде адамдарға қол ұшын беруге дайын көптеген компаниялар, қоғамдық ұйымдар мен жеке меценаттар баршылық. «КазРосГаз» компаниясы алғаш құрылу күнінен бастап жағдайы жоқ жанұялар балаларына, балалар үйінің балаларына, ардагерлер мен әлеуметтік қорғалмаған халыққа көмек көрсетуді қайырымдылықтың басты бағыттарының бірі деп біледі.

Әлеуметтік саясат шеңберінде «КазРосГаз» ЖШС қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін мынадай балалар үйлеріне қаржылай көмек көрсетеді: «Нұр» Талғар қаласы, №22-балалар үйі, Астана қаласының балалар үйі, «Мамандырылған балалар үйі» ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қоры, Ақмола облысы мүгедек балаларды қолдау қауымдастығы, «Дом надежды» ҚҰ, Мәскеу қаласының қараусыз қалған балаларға арналған №8 мектеп-интернаты, «Кемель Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» ЖҚ. «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен, онкогематологиялық және басқа ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға көмек көрсететін «Подари жизнь» қайырымдылық қорымен, Қазақстан Республикасының «Чернобыль ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігімен, «Чужих детей не бывает» қайырымдылық қорымен және «Прометей» балалар-жасөспірімдер хоккей мектебімен жұмыс жасалуда.

Компания дарынды балалар мен жастарға қолдау көрсетеді, атап айтқанда А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушылары мен «Интеллектуалды спорт клубының» оқушылары.

Жыл сайын «КазРосГаз» компаниясы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді арттыруға бағытталған қайырымдылық жобаларына қатысады. 2010 жылы «КазРосГаз» ЖШС мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Самғау» қоғамдық сыйлығына осы іс-шараның Бас демеушісі болу арқылы қолдау көрсетті. Күштерін біріктіре отырып, «КазРосГаз» компаниясы, «Бауыржан» қоғамдық қоры мен «Мейірім» жеке қоры әлеуметтік бастамаларды дамытуды, адамдарға өзекті мәселелерді шешуде көмек көрсетуді көздейді.


Компания туралы 
Қызметі
Әлеуметтік саясат
Баспасөз орталығы
Байланыстар
Cатып алулар

Сайт разработан в A13 WebLab
Powered by LeeSa™ CMS